Ұлтаралық араздықты қоздырған Рудный тұрғыны сотталды
Ұлтаралық араздықты қоздырған Рудный тұрғыны сотталды
Қостанай облысында ұлтаралық араздықты қоздырған Рудный тұрғыны сотталды.
Полиция әлеуметтік желіде тараған видеоны тексерді. Рудный тұрғыны украиналық блогермен болған әңгіме барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін, жерін қорлап, қазақ халқының ар-намысына тиетін сөздер айтқан.
Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында полицейлер YouTube арнасынан аталмыш видеоны анықтап, шұғыл тексеріс жүргізді.
Кейіннен Кирилл Божко Қазақстан халқынан кешірім сұрап, видеоүндеу жолдады. Рудный қалалық сотының үкімімен Рудный қаласының тұрғыны Б. ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлігі бойынша сотталды.