Елімізде

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. 

Қазіргі шешім болжамды раундтың нәтижесіне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағаларына және инфляциялық тәуекелдердің жалпы балансына негізделген", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.