Ұлттық ұлан жауынгерлері жанып жатқан үйден газ балонын алып шықты
Оқиға орнында әскери қызметшілер үй ішінен екі газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарып, жарылыстың және ауыр салдардың алдын алды.
2026 жылғы 2 наурызда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында қырағылық танытты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сағат шамамен 12:30-да әскери жасақ құрамындағы қатардағы жауынгерлер Сапармұрат Алмабеков пен Мәди Қазы Астана қаласындағы тұрғын үйден шыққан өрт орнына жедел жетті.
Оқиға орнында әскери қызметшілер үй ішінен екі газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарып, жарылыстың және ауыр салдардың алдын алды. Болған жағдай туралы шұғыл қызметтерге дер кезінде хабар берілді.
Сондай-ақ өрт сөндірушілермен бірлесіп, жақын маңда тұрған автокөлік қауіпсіз жерге жылжытып, материалдық шығынды болдырмады.
Аталған жағдай ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында әрдайым батыл әрі кәсіби әрекет етуге дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.