сенбі, 31 қаңтар, 2026 16:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ұлттық қор – балаларға»: әр қазақстандық балаға 130 доллардан аударылды

«Ұлттық қор – балаларға»: әр қазақстандық балаға 130 доллардан аударылды
istockphoto.com
Аталған бағдарлама 2024 жылғы 1 қаңтарда іске қосылған болатын.

Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың жеке есепшотына 130,71 АҚШ доллары көлемінде қаражат аударылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі ресми түрде мәлімдеді.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша бағдарламаға қатысушы балалардың жалпы саны 6 918 656-ны құраған. Осылайша, Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігі елдегі кәмелетке толмаған балалардың болашақ қажеттіліктері үшін жинақталуда.

Аталған бағдарлама 2024 жылғы 1 қаңтарда іске қосылған болатын. Бағдарлама басталғалы бері үш жыл ішінде бір балаға есептелген жалпы жинақ көлемі 370,56 АҚШ долларына жетті. Бұл қаражат бала 18 жасқа толғаннан кейін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға бағытталып пайдаланылуға болады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар