Елімізде

Мәскеу түбіндегі теракт: Қазақстан полициясы қандай шаралар қолданып жатыр

Қазақстанның құқық қорғау органдары террористік тұрғыдан осал нысандарға қосымша тексеріс жүргізеді

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха көрші елдегі лаңкестік әрекеттен кейін елімізде қандай шаралар қолға алынып жатқанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 


Лепеханың айтуынша, бүгінде аумағы 500 шаршы метрден асатын концерт залдары, ірі сауда орталықтары, барлық білім беру және денсаулық сақтау нысаны, халық көп жиналатын орындар террористік тұрғыдан осал нысандарға жатады. Мәскеу түбіндегі терактіден кейін еліміздің құқық қорғау органдары осындай объектілерге қосымша тексеріс жүргізбек. 


Айтуынша, мектептер бойынша оқу-ағарту министрлігімен іс-қимыл алгоритмі келісілген. Осы орайда журналистер ІІМ өкілінен террористер басып алған жағдайда не істеу керектігін сұрады. 


Бұдан бөлек, Лепеха биыл 1 қаңтардан бастап шетелдіктер үшін міндетті дактилоскопия енгізілгенін еске салды. Айтуынша, саусақ іздерін тапсырудың арқасында елге кірмек болған 10 қылмыскер анықталған. 


Естеріңізге сала кетейік, 22 наурызда Мәскеу маңындағы Красногорск қаласындағы "Крокус Сити холлда" теракт болды. Бетперде киген белгісіз адамдар концерт алдында көрермендерге оқ атқан. Соңғы деректер бойынша теракт салдарынан қаза болғандар саны 140 адамнан асты.  Ресейде 24 наурыз жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.