Елімізде

ҚМА 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған қаржы пирамидасының өкіліне іздеу жариялады

Күдікті Ташкент қаласының тумасы

Қаржылық мониторинг агентігі 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған қаржы пирамидасының өкіліне іздеу жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Агенттік мәлімдегендей, миллиондаған қаржыны жымқырған әйел - Батыршина Дана Анварқызы. 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған, Өзбекстан, Ташкент қаласының тумасы.

Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін «Thefiniko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген.