Елімізде

Маңғыстау облысында 36 адам астан уланып ауруханаға түсті

Олардың барлығы фастфуд дайындайтын бір дәмханадан тамақ алған

Олар Бейнеу ауданындағы дәмханалардың бірінен тамақтанған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
 
Жұқпалы аурулар бөліміне 28 адам жеткізілген. Оның ішінде балалар да, ересектер мен жүкті әйел де бар. Фастфудтан уланғандардың барлығы «Али-Ман» деп аталатын қоғамдық тамақтану орнынан тапсырыс берген.

Қазіргі уақытта жаппай астан улану фактісі бойынша тексеріс басталды.