Маңғыстауда есірткі тасу үстінде ұсталған өзбек жігіті тауарын жұтып қойған
Факт «Тәжен» кеден бекетінде анықталды
Маңғыстау облысында есірткі тасу үстінде ұсталған өзбек азаматы тауарын жұтып қойған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Деректерге сүйенсек, «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылған. Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетты жұлып алып, оны жұтып қойды. Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды.