жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Маңғыстауда алып сәби дүниеге келді

Маңғыстауда алып сәби дүниеге келді
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы
Қазіргі таңда ана мен сәби дәрігерлердің тұрақты бақылауында

11 қараша күні облыстық перинаталдық орталықта ерекше жағдай тіркелді — салмағы 6 келі 690 грамм болатын қыз бала өмірге келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған нәрестенің анасы жүктілік кезінде қант диабеті, ауыр преэклампсия және артық салмақ сынды қиындықтарға тап болған.

Мамандар мұндай факторлар баланың құрсақішілік дамуына әсер етіп, туылған кездегі салмағының жоғары болуына себеп болуы мүмкін екенін атап өтті.

Қазіргі таңда ана мен сәби дәрігерлердің тұрақты бақылауында, жағдайлары қанағаттанарлық деп бағалануда.

Перинаталдық орталықтың мамандары жүкті болуды жоспарлап жүрген әйелдерге медициналық тексерулерден алдын ала өтіп, созылмалы ауруларды дер кезінде емдеудің маңыздылығын еске салды.

«Жүктілікті алдын ала жоспарлау, қажетті тексерулерден өту және болашақ анаға барынша қолайлы жағдай жасау өте маңызды. Бұл ананың да, сәбидің де денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді азайтуға көмектеседі», – дейді дәрігерлер.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар