Маңғыстауда төбелескен түлектердің ата-аналары халықтан кешірім сұрады
Оқиға Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында болған
Соңғы қоңырау күні жаппай төбелеске қатысқан маңғыстаулық түлектердің ата-аналары Қазақстан халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Mangystaumedia хабарлауынша, ата-аналар соңғы қоңырау күні полициямен бірге қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек, төбелеске қатысқан түлектер де кешірім сұрап, видео жариялаған.