Мал иелері өтемақы алу үшін 60 күн ішінде өтініш беріп үлгеруі керек
Айта кетерлігі, 60 күн уақыт ТЖ енген күннен бастап саналады
Қазақстанда су тасқынына байланысты малдарынан айырылған халық 60 күн ішінде өтініш беріп үлгеруі керек, деп жазады jambylinfo.kz.
Баса айта кетерлігі, бұл алпыс күн сол өңірде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап саналады. Халық малының құнын өндіріп алу үшін жергілікті әкімдік арқылы немесе электронды үкімет арқылы өтініш бере алады.
Естеріңізге сала кетейік, 10 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 9 мың 761 малдың өлгені растады.