Елімізде

Президент: Енді 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмедиа» орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Президент бүгін тарихи күн екенін атап өтіп, жастарға ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар Президент жаңа Конституция, ең алдымен, жастарға арналғанына назар аударды. Ата заңға волонтерлік қызмет, ғылым, инновация, жасанды интеллект сияқты ұғымдар енгізілгеніне тоқталды.