Мемлекет басшысы Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін салтанатты түрде табыстады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін салтанатты түрде табыс етті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент Қуаныш Сұлтановты 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, еліміздің дамуына сіңірген еңбегін жоғары бағалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев қайраткердің жазушылық қырына да тоқталып, елдегі саяси және қоғамдық үдерістер туралы жазған еңбектерін ерекше атап өтті.
Қуаныш Сұлтанов елдің игілігі үшін жасаған еңбегін елеп, ең жоғары мемлекеттік награданың бірі – «Отан» орденіне лайық көргені үшін Президентке алғыс айтты.