Елімізде

Мемлекеттік тұрғын үйге қол жеткізу жеңілдейді

Банктің хабарлауынша, жаңартылған талаптар ақпан айынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтар үшін маңызды жаңашылдықты жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Банктің хабарлауынша, жаңартылған талаптар ақпан айынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Енді тұрғын үйде белгілі бір үлесі бар азаматтар да тұрғын үй кезегінде қала алады және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауға үміткер бола алады.

Атап айтқанда, олар үшін жеңілдетілген ипотека алу немесе жалға берілетін мемлекеттік тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндігі сақталады.

Бұған дейін кезекте тұрған азаматтың тұрғын үйде аз ғана үлесі болса да, жеңілдетілген ипотека рәсімдеу мүмкін болмай келген. Бұл мәселе заңнамада нақты реттелмеген еді.

Отбасы банк бұл шешім азаматтардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып және көптеген өтініштердің түсуіне байланысты қабылданғанын атап өтті.