«Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында қайталанатын функциялар оңтайландырылды

Құрылыс саласында баға белгілеу жүйесінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде аталған шаралардың қажеттігі анықталды
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында әкімшілік басқару персоналының функциялары оңтайландырылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құрылыс саласында баға белгілеу жүйесінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде аталған шаралардың қажеттігі анықталды.
Сонымен қатар бас директордың орынбасары мен әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасының басшысы сияқты басшы лауазымдар төмен буындағы лауазымға ауыстыру арқылы оңтайландырылды. Жалпы 2015 жылдан бері мемлекеттік «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жатқызылған сараптамалық жұмыстар көлемінің кезең-кезеңімен нарыққа берілуіне байланысты «Мемсараптама» РМК ұйымдық құрылымды оңтайландыру, орталық аппарат пен филиалдар қызметкерлерінің саны мен штат бірліктерін 328 бірлікке қысқарту бойынша шаралар қабылдады.