Елімізде

«Менікі көп болады-ау». Назым Қызайбай қалың малы қанша болатыны туралы айтты

Боксшы қыз дүркіретіп той жасауды құптамайды екен

 Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай қалың малы қанша болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
 Sport Plus Qazaqstan ютуб-арнасына сұқбат берген Назым Қызайбай көңіл білдірген жігіттерге қоятын талабы, қалың малы қанша болатыны жайында журналист сұрағына жауап берген. Мысалы, боксшы қыз жігіттің материалдық жағдайына аса мән бермейді екен. Өйткені, үйленетін жігіттер отбасын асырай алуы керек. 
 

Бір сұқбатында дзюдошы Әбиба Әбужақынова өзінің қалың малы 5 млн тенге екенін айтқан. Осы орайда журналсит  Назымға да осы сұрақты қойды.