Мерзімді әскери қызметшілерге енді несие берілмейді
Бұл құжат Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюролар арасында әскерге шақырылғандар туралы ақпарат алмасу тәртібін реттейді.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген азаматтарға несие беруге шектеу қоюды көздейтін қаулы жобасын дайындады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл құжат Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюролар арасында әскерге шақырылғандар туралы ақпарат алмасу тәртібін реттейді.
Аталған шара несие төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндігін қарастыру және азаматтың кредиттік тарихында оның мерзімді әскери қызметте болғаны немесе қызметтен босатылғаны туралы мәліметті көрсету үшін енгізілмек.
Қаулы жобасына сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары несие алуға өтініш берген шақыру жасындағы азаматтың кредиттік есебіндегі мәртебесін міндетті түрде тексеруі тиіс. Егер оның мерзімді әскери қызметте жүргені туралы ақпарат анықталса, қаржы ұйымдары несие беру жөніндегі өтінімді қабылдамайды.
Құжат қазіргі уақытта қоғамдық талқылауға ұсынылған. Талқылау 3 ақпанға дейін жалғасады.