Елімізде

«Миллиардтаған ақшаны жымқырды». Ақтаулықтар блогерлерді қатаң жазалауды талап етті

The final spritzer

Тіпті Мемлекет басшысына үндеу жасады

Ақтау қаласының бір топ тұрғынының наразылық білдірген бейнежазбасы тарады. Олар жалған кәсіпкердің қызметін жарнамалаған блогерлерді қатаң жазалауды талап етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Наразы топ 3 жыл бұрын интернеттегі жалған жарнамаға алданып, қолдағы қаражатын шетелден iPhone сатып алуға жұмсаған. Алайда бұл қаражат құмға сіңгендей жоқ болған. Енді алданғандар тек алаяқтарды ғана емес, қызметін жарнамалағандарды да жазалау керек деп шарт қойып отыр.