Елімізде

Министр еліміз бойынша халықты жұмыспен қамтуда ең төмен көрсеткіш көрсеткен аймақтарды атады

Аталған облыстарда жұмыспен қамту шаралары бәсең

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еліміз бойынша халықты жұмыспен қамтуда ең төмен көрсеткіш көрсеткен аймақтарды атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету шаралары бойынша атқарылған жұмыстарды баян етті. Оның сөзінше, еліміз бойынша 106 мың адам бос жұмыс орындарымен қамтылса, 16 мың азамат ұлттық жоба мен арнайы тұжырымдамалар арқылы екі қолға бір күрек тапты. Сонымен қатар, министр көрсеткішті жақсы және төмен орындап отырған аймақтарды атады.