Елімізде

Министрлік: Қаракөл мен Сұлукөл қайта толды

The final spritzer

Судың дұрыс әрі тиімді бөлінуінің арқасында Талас өзеніндегі «Ойық» гидроторабы арқылы жүргізілген экологиялық мақсатта су жіберу нәтижесінде Жамбыл облысындағы «Қазсушар» филиалы Қаракөл көліне су толтырып, Сұлукөл көліне де су жеткізе алды. Сонымен қатар Сарысу және Талас аудандарындағы табиғи жайылымдарға да су барды.

Жергілікті экожүйені қолдау мақсатындағы бұл шаралар суару маусымы басталмай тұрып жүргізілген. Алғашында «Ойық» гидроторабы арқылы 120 млн текше метр су жіберу жоспарланған. Алайда сәуір айының ортасына қарай бұл көлем 315 млн текше метрге дейін ұлғайған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 мамыр күні Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша Жамбыл облысындағы «Қазсушар» филиалының мамандары арнайы тексеріс жүргізіп, Талас өзені арқылы жіберілген судың Сарысу және Талас аудандарына жеткеніне көз жеткізді.

Өз кезегінде жергілікті тұрғындар атқарылған жұмыс үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне алғысын білдіруде.