Елімізде

Министрлік кен орнында алты айға созылған өрттен ауаға ірі көлемде метан тарағанын жоққа шығарды

Оңтүстік Қаратұрын кен орны қарайтын компанияға 500 млн теңге айыппұл салынды

Шетелдік БАҚ Маңғыстау облысында кен орнында жарты жылға созылған өрттен ауаға ірі көлемде метан газы тарағаны туралы ақпарат жариялаған еді. Алайда экология министрлігі мұны жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 


Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиевтің айтуынша, апат шынымен болған, бірақ метан ауаға таза күйінде тараған жоқ. Себебі қауіпсіздік техникасы бойынша оны алдымен өртейді. 


Вице-министр жоспардан тыс тексеріс аяқталғанын және кен орнына иелік ететін компанияға 500 млн теңге айыппұл салынғанын атап өтті. 
Естеріңізге сала кетейік, былтыр маусым айында Маңғыстау облысында Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы ұңғымадан өрт шықты. Өрт араға жарты жыл салып, 25 желтоқсанда ғана сөндірілді. 


Шетелдік ВВС басылымы жүргізген зерттеуге сәйкес, елдің батысында алты ай бойы үздіксіз жанған кен орнынан ауаға 127 мың тонна газ бөлінген. Айта кетері, Оңтүстік Қаратұрын кен орны "Бозашы Мұнай" ЖШС компаниясының иелігінде.