жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нұрбек Оралбайдың Қазақстан чемпионатына қатыспайтыны белгілі болды

Нұрбек Оралбайдың Қазақстан чемпионатына қатыспайтыны белгілі болды
Ұлттық Олимпиада комитеті
Нұрбек Оралбай 2024 жылғы Париж Олимпиадасында финалда украиналық қарсыласына жол беріп, күміс жүлдегер атанған еді.

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай биылғы Қазақстан чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

14–21 қазан аралығында Семей қаласында бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады. Олардың ішінде 246 ер және 125 әйел боксшы бар.

Алайда жарақатына байланысты Олимпиада финалисі Нұрбек Оралбай ел чемпионатына қатыспайтыны белгілі болды. Бұл жағдай 80 келі салмақтағы басқа боксшылар үшін өздерін көрсетуге тамаша мүмкіндік болмақ, өйткені бұл салмақта әзірге айқын фаворит жоқ.

Еске сала кетейік, Нұрбек Оралбай 2024 жылғы Париж Олимпиадасында финалда украиналық қарсыласына жол беріп, күміс жүлдегер атанған еді. Сондай-ақ ол 2018 жылы жастар арасында және 2023 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атанып, алтын медаль иеленді. Ал 2022 жылы Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алған.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар