Нарықта доллар бағамы төмендеуде
Ресей рублінің бағамы 5,85 теңгеге дейін арзандады
2026 жылғы 2 сәуірде Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық қорытындыланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 472,31 теңгені құрап, 2,71 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 5,85 теңгеге дейін төмендеді (-0,02).
Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 68,56 теңгені құрады (-0,38).
Айырбастау пункттерінде доллар 469,9–472,2 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда, еуро – 543,8–548,6 теңге, рубль – 5,80–5,94 теңге аралығында.
Сонымен қатар, 2 сәуірде әлемдік мұнай бағасы өсті.
Brent маркалы мұнайдың бағасы, бұған дейін барреліне 100 доллардан төмен түскеніне қарамастан, шамамен 7%-ға өсіп, 108,15 долларға жетті.
Ал West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай 6%-дан астам қымбаттап, барреліне 106,75 доллар болды.