Елімізде

Назарбаев мектебінің 12 сыныбында оқитын қызды пышақтап кетті

Ол қатты жараланып ауруханаға түсті

Астанада 18 жастағы қызды пышақтап кеткен күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Қыздың өміріне қауіп төндірген адам әлі кәмелет жасына толмағаны анықталып отыр.

Зардап шеккен қыз Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сыныбында оқитын оқушы екені анықталды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазір науқастың жағдайы ауыр.