Елімізде

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы негізгі өзгерістер қабылданды

ҚР ТЖ вице-министрі Ерболат Садырбаевтың айтуынша, былтыр «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді. Аталған заң өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеуді едәуір күшейтеді.

Ең алдымен, өнеркәсіптік қауіпсіздік Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің қолданылу аясынан шығарылып, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырудың дербес тәртібі қалыптастырылды. 2026 жылдан бастап тікелей сала ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңымен реттелетін болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сондай-ақ бұған дейін тексеру басталғанға дейін кәсіпкерлік субъектісі 30 күн бұрын міндетті түрде хабардар етілсе, енді хабарлама бір тәулік ішінде жіберіледі. Тексерулер өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бекітілген қағидалар негізінде жүргізіледі. Бұл ретте бақылау және қадағалау органдарына жоспарлы тексерулердің нәтижелері бойынша құқық бұзушыларды әкімшілік жауаптылыққа тарту құқығы берілді.