Елімізде

Ninety One тобының әншісі Әлем халықтан сүйінші сұрады

Әнші жуырда әке атанады

Белгілі "Ninety One" тобының әншісі Батырхан Мәліков (Әлем) тұңғышын күтіп жүр, деп жазады jambylinfo.kz.

Әнші сүйінші хабарын Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялап, видео жүктеген. Видеодан Батырхан Мәліктің жары Верониканың аяғы ауыр екені анық көрініп тұр.

Еске салайық, ерлі-зайыптылар 2021 жылы некесін қидырған. Жас жұбайлар өнер саласында танысқан. Нақтырақ айтқанда, Вероника Жанғалова "Ninety One" тобының менеджері болып жұмыс істеген.