"Құны 1 миллион теңге". Алматыда бұрынғы құтқарушы жер сілкінісі кезінде тығылатын темір жәшік жасап шығарды
- авторjambylinfo.kz
- 14 наурыз, 2024
- 1.2k
"Естеріңізде болса, 2000 жылдардың басында Алматыда жер жиі сілкінетін. Бұл шамамен 2003-2004 жылдар болса керек. Мен ол кезде Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс істедім. Жойқын жер сілкінісі бола қалған жағдайда адамдарды аман алу мақсатында осы темір жәшігімді жасадым. Бұл жәшік «шкаф» тәрізді. Үйіңіздің бір бұрышына қойып қоясыз, ішіне 2 үлкен, 2 кішкентай бала сыяды", - дейді ол.
Шебердің сөзінше, соңғы уақытта Алматыда қайтадан жер дүмпуі жиілеген соң адамдардан «темір жәшікке» сұраныс артқан. Бірақ ол темірден жасалған соң құны арзан емес. Нақтырақ айтқанда бағасы 1 миллион тенге тұрады. Сондықтан оған екінің бірінің қалтасы көтере бермейді дейді өнертапқыш.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Алматыда қатты жер сілкінісі болып, кейбір ғимараттардың қабырғалары шытынаған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Шырша құрған мұғалім 5 метр биіктіктен құлап, ауыр халде жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024