Елімізде

Оңтүстік өңірде жер сілкінісі тіркелді

Дүмпу Шымкент пен Түркістан облысының кейбір аудандарында 2 балл шамасында сезілді.

3 қараша күні Астана уақытымен 01:29-да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Зілзаланың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Дүмпу Шымкент пен Түркістан облысының кейбір аудандарында 2 балл шамасында сезілді.

Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.