Елімізде

Оңтүстіктегі 5 облысқа су былтырғыдан 335 млн текше метрге артық берілді

The final spritzer

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті

Бүгінгі таңда «Қазсушар» РМК филиалдары Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарының диқандарына 3 млрд 73 млн текше метрден астам су берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл былтырмен салыстырғанда 335 млн текше метрге көп. 2024 жылдың осы кезеңінде 2 млрд 738 млн текше метр су жеткізілген болатын.

Алматы облысының шаруаларына 50 млн текше метрден астам су берілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 6 млн текше метрге артық.

Жамбыл облысының диқандарына 135 млн текше метрден астам су берілді, бұл өткен бір жылмен салыстырғанда шамамен 50 млн текше метрге артық.

Ал Жетісу облысындағы су пайдаланушыларға 196 млн текше метр суармалы су жіберілді. Қызылорда облысының диқандарына 1 млрд 280 млн текше метрден астам су берілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 74 млн текше метрге артық.

Түркістан облысының шаруа қожалықтарына 1 млрд 412 млн текше метрге жуық су берілді.

Бұл былтырмен салыстырғанда 234 млн текше метрге артық. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған бес облыста 348 мың гектардан астам егістік алқаптары суарылды. Оның 25 817 гектары Алматы облысына, 42 600 гектары Жамбыл облысына, 33 674 гектары Жетісу облысына, 126 300 гектары Қызылорда облысына, 119 900 гектары Түркістан облысына тиесілі.