бейсенбі, 4 шілде, 2024 23:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оқу-ағарту министрлігі 9-сыныпты аяқтаған түлектер үшін маңызды мәлімдеме жасады

Оқу-ағарту министрлігі 9-сыныпты аяқтаған түлектер үшін маңызды мәлімдеме жасады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бүгіннен бастап Қазақстан колледждеріне құжат қабылдау басталды

Бүгін, 25 маусым күні Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Абитуриенттер колледжде оқуға екі тәсілмен өтініш бере алады: 25 маусымнан бастап қағаз түрінде және 1 шілдеден бастап egov.kz порталы арқылы электронды нысанда құжат тапсыруға болады.

«9 сынып бітірушілер үшін құжат қабылдау мерзімі 25 маусымнан 18 тамызға дейін, ал 11 сынып бітірушілер үшін 25 маусымнан 20 тамызға дейін жалғасады:

- шығармашылық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 20 шілдеге дейін,
- педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 15 тамызға дейін жалғасады», - деп хабарлады министрлік.

Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалаврға түсушілер үшін оқуға қабылдау аттестаттың орташа балы негізінде жүргізіледі. Бағалап бөлу міндетті және бейіндік пәндердің орташа конкурстық балы негізінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Жұмысшы мамандығына түсетін түлектер әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар