Елімізде

Оқу-ағарту министрлігі 9-сыныпты аяқтаған түлектер үшін маңызды мәлімдеме жасады

Бүгіннен бастап Қазақстан колледждеріне құжат қабылдау басталды

Бүгін, 25 маусым күні Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Абитуриенттер колледжде оқуға екі тәсілмен өтініш бере алады: 25 маусымнан бастап қағаз түрінде және 1 шілдеден бастап egov.kz порталы арқылы электронды нысанда құжат тапсыруға болады.

Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалаврға түсушілер үшін оқуға қабылдау аттестаттың орташа балы негізінде жүргізіледі. Бағалап бөлу міндетті және бейіндік пәндердің орташа конкурстық балы негізінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Жұмысшы мамандығына түсетін түлектер әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады.