Елімізде
«Обаның ақшасы»: Алматы ветеринарлық қызметінің директоры сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- 5 маусым, 2024
- 481
Ол қоластындағы қызметкермен оба ауруының алдын алуға бөлінген қаражатты жымқырған
Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты «Қалалық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК директоры және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Деректерге сүйенсек, сыбайластар жануарлардың обасын анықтау үшін тест-жүйелерді нақты жеткізбестен, ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі болып отыр.
"Оларға орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды",- деп жазылған ресми ақпаратта.
Келесі мақала