Елімізде

«Ол қасиет екінің бірінде болмайды екен-ау?!»: Белгілі журналист марқұм Бейсен Құранбекті еске алды

Журналист, продюсер Әлия Құдайбергенова марқұм Бейсен Құранбектің асыл қасиеттерін көпке үлгі етті

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әлия Құдайбергенова марқұм Бейсен Құранбек 10 жылға жуық жүргізген «Айтуға оңай» бағдарламасының продюсері болған. Ол бұрынғы әріптесін еске алған жазбасында марқұмның адамдардың сөкеттігін көріп тұрса да сөкпейтінін, айтар сыны болса да пенденің абыройын төкпейтін асыл қасиетін жазған.   

Сондай-ақ, ол Бейсен Құранбектің бекзат болмысынан табылған адами қасиеттер елдік, ұлттық деңгейде ойлануға, халықтың сөзін сөйлеуге жетелейтінін алға тартқан.