Елімізде
Қолайсыз ауа райы: Қызылордада көлік қозғалысына шектеу қойылды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 10:24
- 1
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді
Қызылорда облысында қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық маңызы бар «РФ – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының бірқатар учаскелерінде барлық түрдегі автокөліктер үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды.
Мамандардың айтуынша, шектеу ауа райының күрт нашарлауына, атап айтқанда, боран, көру қашықтығының төмендеуі және жолдың көктайғақ болуына байланысты енгізілген.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Тоқаев Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025





