"Қолын іш киімне салған". Алматыда 10 жасар баланы зорламақ болған ер адам ұсталды
- авторИндира Тәліпқызы
- 24 сәуір, 2024
- 435
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 20 сәуір, кешкі сағат 20:00 шамасында Наурызбай ауданында болған.
Жапа шеккен баланың анасының айтуынша, 10 жасар ұлы аулада достарымен отырған. Жандарына бір кісі келіп сөзге тарта бастаған. Бейтаныс адам қоқыс шығарысып жіберуге шақырыпты.
«Маған үйден қоқыс шығаруға көмектесші» деп баламды пәтерге дейін ертіп апарған. Үйге кіргізгеннен кейін «арқама массаж жасап берші» деп жердегі төсекке тартып массаж жасатқан. Сол кезде қолынан тартып, төсекке жатқызып, іш киіміне қолын салып алған. Балам сол кезде бәрін түсініп қашып шыққан», – деп жазды анасы.
Мұның барлығы тұрғын үй кешенінің бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Алматы қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
«Зорлау сипаттағы әрекеттерді жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті азамат ұсталды», – делінген хабарламада.