Олжас Бектеновтің баспасөз хатшысы тағайындалды
Премьер-министрдің баспасөз хатшысы халықаралық құқық мамандығының иесі
Қазақстан Республикасы премьер-министрі Олжас Бектеновтің баспасөз хатшысы болып Диляра Аленова тағайындалды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Диляра Аленова халықаралық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ университетін бітірген.
Үкіметтің ресми сайты хабарлағандай, ол еңбек жолын 2014 жылы тілші болып бастаған. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінде, «Қазконтент» АҚ-да, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.
«Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің" басшысы, Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасы Коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы, Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.