Елімізде
"Отандастар қоры" Түркияда тұратын этникалық қазақтардың қатысуымен онлайн-форум ұйымдастырды
- авторjambylinfo.kz
- 18 қыркүйек, 2020
- 243
"Отандастар қоры" Түркияда тұратын этникалық қазақтардың қатысуымен онлайн-форум ұйымдастырды
"Отандастар қоры" Түркияда тұратын этникалық қазақтардың қатысуымен "Қандастар форумы" атты онлайн видеоконференция ұйымдастырды.
Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрлігінің Қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Жалғас Балғожин және "KazakhInvest" ҰК" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Марат Есенов, сондай-ақ "KazakhInvest" ҰК" АҚ-ның Түркиядағы өкілі Нұрлан Ахметов қатысып, Түркияда тұратын қандастармен үлкен диалог алаңы құрылды.
Шетелдегі қандастармен байланыс орнатқан онлайн кездесу барсында Түркиядағы қазақтардың мәселесі талқыланып, бизнес саласындағы жобалары мен жоспарлар айтылып, екі ел арасында өзара ынтымақтастық орнату бойынша ұсыныстар айтылды.
Айта кетейік, іс-шара нәтижесінде "KazakhInvest" ҰК" АҚ-ның Түркиядағы өкілі Нұрлан Ахметовпен Қазақстанға инвестиция тарту сұрақтары бойынша Стамбул қаласынан Ерол Йолчы, Ертолқын Гайратулла және Анталия қаласынан Ақмарал Габдиева Түркияда тұратын ірі кәсіпкерлерді байланыстыру жұмыстарын іске асыратын болады. Сонымен қатар Ертолқын Гайратулла мырзаның Стамбул және Анкара қалаларында "Қазақтардың мәдени-іскерлік орталығын" ашу туралы ұсынысы қолдау тауып, жиынның хаттамасын негізінде ҚР Сыртқы істер министрлігіне хат жолданатын болады.
"Отандастар қорының" Қазақстан Республикасындағы бизнесті қолдау бағытында жұмыс атқаратын барлық операторлармен байланыс орнатқанын және елімізге келіп кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін қандастарға бизнесті қолдау тетіктерін ұйымдастыру үшін дәнекер болуға дайын", - деді жиын барысында Қандастарды қолдау департаментінің өкілі Анас Ахатұлы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Облыс әкімі ата-аналармен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024