жұма, 18 сәуір, 2025 10:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Павлодарда кәсіпкерге шабуыл жасаған қылмыстық топ құрықталды

Павлодарда кәсіпкерге шабуыл жасаған қылмыстық топ құрықталды
Pixabay.com
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қарақшылық жасады деген күдіктілер Павлодар облысында қолға түсті.

Павлодар облысында кәсіпкерге шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам бірнеше айдан кейін ұсталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Олар қаңтар айының соңында іздеуге жарияланған. Қылмыс Екібастұз қаласында болған. Жәбірленуші — кәсіпкер. Белгілі болғандай, қаскөйлер оны азаптап, үйінен бағалы заттар мен ақшаны алып кеткен.

Полиция дерегінше, шабуылға ұшыраған адам — өңірдегі ірі күзет ұйымдарының бірінің директоры. Күдіктілер оның пәтеріне кіріп, 11 миллион теңгеден астам сомаға бағаланатын мүлкін ұрлаған.

"Күдіктілердің үйін тінту кезінде қылмысқа қатысы бар заттай айғақтар табылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар