Елімізде

Павлодарда тонналап есірткі өндірген шетелдік азаматтар ұсталды

Қамауға алынғандар арасында Қазақстан азаматы бар

Павлодар қаласында ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Бүркіт" жасағы және прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операция өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам "мефедрон", 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді. "Қара нарықта" алынған есірткінің құны 4,2 млрд. теңгені, ал көлемі 680 мың дозадан асады.