Елімізде

«Перзентханада 4-5 күн емізіп, ақ сүтін берген ананы таптық». Жәнібекті сатып жіберген адамның кім екені белгілі болды

Қымбат Досжан Жәнібекті бельгиялық азаматшаға сатып жіберген адамды қазір полиция тергеп жатқанын мәлім етті

«Қазақстан» ұлттық телеарнасының «1001 түн» бағдарламасына қонаққа келген журналист Қымбат Досжан мен Испанияда тұратын қазақ баласы Жани Савельев оның анасын іздеуге қатысты тың деректерді айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қымбат Досжан «үлкен бір ұжым Жәнібектің анасын әлі таба алмай жатыр» деген сынға қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, Жәнібектің анасын іздеген шағын ғана радиоұжым бір аптаның ішінде үлкен жұмыстарды атқарған.

Бірақ, Қымбат Досжан ол адамның қолхаты бар болса да, сараптама жасалса да, ДНҚ сараптамасы «нөл» болғанын айтады.

Бұл ретте Қымбат Досжан  Испаниядан өзінің туған анасын іздеп келген Жәнібекті кезінде шетел асырып жібергендердің ісіне қынжылып, олар өте көп ақша алғанын айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың соңында әлеуметтік желіге бейнеүндеу жариялаған Жани Савельев есімді жігіт өзінің қазақ екенін, Арқалықта дүниеге келгенін және қазір туған анасын іздеп жүргенін мәлім еткен еді.