Петропавлдағы дүкендерде тұрғындар су үшін жанталасып жатыр
Петропавлдағы дүкендерде тұрғындар су сатып алу үшін жанталасып жатыр
Оқиға жайлы журналист Самат Қайырденұлының Facebook парақшасында жариялаған бейнежазбасынан аңғаруға болады. Өйткені қаладағы насос станциясында апат болып, халық сусыз қалған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Петропавл тұрғындары сусыз әрі жарықсыз қалғанын айтып шағымданып жатыр. Қазір жарық қосылса да, әлі су берілмепті. Сондықтан тұрғындар дүкендердегі суды сатып алуға мәжбүр. Бұған қатысты қала әкімі Серік Мұхамедиев пікір білдірген.
"Қызылжар су" ЖШС атқарушы директоры Арман Сауытовтың сөзінше, қаланың барлық әлеуметтік нысаны ауыз су тасу арқылы қамтылады. Ал, су энергия станциялары қалпына келгеннен кейін беріле бастайды екен.
Айта кетейік, бұған байланысты қала мектептеріндегі екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқыту форматына ауысты.