Елімізде

Пневмония мен коронавирустан 5 адам қайтыс болды

Пневмония мен коронавирустан 5 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 10 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 34 913, 370 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 709 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 927 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 77 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 103 науқас жатыр. 824 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 85 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

egemen.kz