Елімізде

Премьер-Министр Олжас Бектенов бірыңғай уақыт белдеуіне өтуді қолдағандарға алғыс айтты

Өйткені, маңызды шешім ғылыми зерттеулерге сүйене отырып қабылданған

Үкімет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті. Жиында бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесіне де назар аударылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сөз сөйлеушілердің айтуынша, бірыңғай уақыт белдеуін енгізу мәселесін Қостанай облысының тұрғындары бұрын да көтерген, өйткені 6-шы уақыт белдеуі табиғи уақытқа сәйкес келмеді. Осылайша, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы шешім күнделікті тұрмыстық процестерді жеңілдетті. Осыған байланысты кездесуге қатысушылар бірыңғай уақыт белдеуін қолдап сөз сөйледі.

Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғындармен әңгімелесу барысында табиғи уақыттың азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатына оң әсері ғылыми дәлелденгеніне назар аударды. 2017 жылы америкалық ғалымдар тобы адамның циркадтық ырғағын зерттегені үшін Нобель сыйлығымен марапатталды, бұл табиғи уақытқа сәйкес өмір сүрудің ең пайдалы екенін растады. Осы жұмыстың және басқа да ғылыми зерттеулердің негізінде 2022 жылы 80-нен астам елдің ғалымдары мен мемлекет қайраткерлері қол қойған Барселона декларациясы қабылданды.

 Премьер-министр Қостанай облысының тұрғындарына және барлық қазақстандықтарға осы маңызды шешімді түсініп, қолдағаны үшін алғысын білдірді.