Елімізде

Премьер-министр Президенттің Ұлттық құрылтайдағы тапсырмалары туралы: әрбір министр мен әкімнің, әрбір сала мен өңірдің іс жүзіндегі нәтижелері қажет

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық құрылтайдың 5-ші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейін жариялаған ауқымды саяси реформаларының жалғасы болған бастамалар көтерілгенін атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының алға қойған еліміздің одан әрі экономикалық дамуына қатысты негізгі міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру қажеттігіне назар аударылды.