Премьер-министр өткізу бекеттерінің құрылысын жеке бақылауына алды
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталатынын атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Премьер-министр Көлік министрлігіне «ҚазАвтоЖол» компаниясымен бірге жұмыс қарқынын жеделдетіп, өткізу пункттерінің құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Аталған мәселе Премьер-министрдің тікелей бақылауында.