Елімізде

Президент ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарларын тағайындады

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді

Президент бүгін ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының қос орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалған.

Сондай-ақ  Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.