Елімізде
Президент орта бизнес мәселесін жеке бақылауына алды
- авторjambylinfo.kz
- 30 наурыз, 2023
- 186
Президент орта бизнес мәселесін жеке бақылауына алды
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке депутттармен бірлесіп орта бизнесті дамытудың тың тәсілдерін әзірлеуді тапсырды.
Мемлекет басшысы ел экономикасын ілгерлетуде маңызды рөл атқаратын бағыттарды дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.
«Ең бастысы, мемлекеттік қолдауға ие болатын жобаларды іріктеу ашық өтуге тиіс. Жобаның нақты әлеуметтік-экономикалық тиімділігін ескеру қажет. Осы орайда, Үкіметке депутаттармен бірлесіп, орта бизнесті дамытудың тың тәсілдерін әзірлеуді тапсырамын. Өйткені орта бизнес ел экономикасын дамыту ісінде басты рөл атқарады. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады», деді Президент.
Сондай-ақ ауқымды жобаларды отандық кәсіпкерлер атқару керегін атап өтті.
«Біз нақты индустрияландыруға, жергілікті өндірісті дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға баса назар аударуымыз қажет. Бюджеттен қаржыландырылатын ауқымды жобаларды, ең алдымен отандық кәсіпкерлер жүзеге асыруға тиіс», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала