Елімізде

Прокуратура тұрғындарға 305 мың теңге беріп жатыр

Бұл сыйақы қырағылық үшін беріледі

ШҚО тұрғыны есірткі жеткізуші туралы ақпарат беріп, 305 мың теңге сыйақы алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«STOP есірткі!» жобасы азаматтық қоғамды есірткінің таралуына қарсы күреске белсенді түрде тартуға бағытталған және есірткі құқық бұзушылықтары туралы шынайы ақпарат берген азаматтарға ақшалай сыйақы төлеуді көздейді.

Биылғы қаңтар айында облыс прокуратурасына есірткі таратылу фактісі туралы алғашқы белгі келіп түсті. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 60 гр астам синтетикалық есірткі тәркіленген азамат анықталды. Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат α-пирролидиновалерофенон (α-PVP) психотроптық заты екені белгілі болған.