QazExpoCongress ұлттық компаниясы еншілес корпоративтік қорларының бірін таратты
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 09:26
- 81
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылымын оңтайландырып, «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» еншілес корпоративтік қорын таратты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Cауда және интеграция министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша Ұлттық компанияның екі корпоративтік қоры бар екені анықталған.
- «QazExpoCongress» КҚ және «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» КҚ. Бірінші қор арқылы Ұлттық компанияны нысаналы қаржыландыру жүзеге асырылады, ал екіншісі Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі аумағындағы және Дубайдағы ЭКСПО-2020 аумағындағы қазақстандық павильондарды басқарады. Бұл екі коммерциялық емес ұйымдағы жұмыс жүктемесінің аздығы, сондай-ақ жекелеген функциялардың қайталануы олардың одан әрі қатар жұмыс істеуінің орындылығына қатысты сұрақ туындатты. Осыған байланысты сауда және интеграция министрлігіне «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-мен бірлесіп тиісті шара қабылдау тапсырылды,- делінген хабарламада.
Нәтижесінде Ұлттық компания Министрлікпен келісім бойынша «QazExpoCongress» КҚ-ның қарамағына қолда бар мүлікті, ғимараттарды, сондай-ақ шарттар бойынша міндеттемелерді бере отырып, «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» КҚ-ны тарату туралы шешім қабылдады.
Қордай ауданында жаңа саябақ халық игілігіне берілді
Ұқсас жаңалықтар
Президент Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 29 қаңтар, 2025