QazExpoCongress ұлттық компаниясы еншілес корпоративтік қорларының бірін таратты

Өйткені, аталған қордың жұмыс жүктемесі аз
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылымын оңтайландырып, «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» еншілес корпоративтік қорын таратты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Cауда және интеграция министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша Ұлттық компанияның екі корпоративтік қоры бар екені анықталған.
Нәтижесінде Ұлттық компания Министрлікпен келісім бойынша «QazExpoCongress» КҚ-ның қарамағына қолда бар мүлікті, ғимараттарды, сондай-ақ шарттар бойынша міндеттемелерді бере отырып, «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» КҚ-ны тарату туралы шешім қабылдады.